Жеңімпазға 150 мың теңге!

Главные вкладки

июн 06, 2019 / 0 комментарии

Қарасай ауданында алғаш рет ауқымды КТА ойындары өтеді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Толығырақ айта кетсек, биыл астанада жоба авторы Тұрсынбек Қабатовтың  жетекшілігімен республикалық Көңілді тапқырлар алаңы ойындары өткен болатын. Оған Қарасай ауданының намысын қорғап, Шамалған ауылының көңілді жігіттерінен құралған «Үшқоңыр» командасы аттанған еді. Жалынды топ бүкіл ел көлемінде жиналған үміткерлерден қалыспай, финалға дейін жеткен. Осының өзі олардың Жастар жылындағы жарқын жетістігі екені анық.  

Команда белсендісі Сәкен Сариевтің айтуынша, бұл жарысқа қатысудың өзі үлкен тәжірибе болған және топ мүшелерінің өнерге, әзіл әлеміне деген құлшынысын арттыра түскен. Сондықтан, ұжым болып келісіп, алдағы кезде жалынды жастардың басын қосып, жаңа топ құрап, Елордадың төріне апарып, бәйгеде бақтарын сынап көрмек. Осы арқылы жігіттер қасиетті Қарасай жерінің даңқын асқақтатуды армандайды.

Қарасай ауданындағы КТА лигасының ашылуына Kaskelenkz медиажобасы да үлкен қолдау көрсетіп, серіктес болып отыр. Демеушілер аудандық лигадан ұтқан командағы 150 мың теңге жүлде қорын тағайындады.

Қазіргі таңда командаларды таңдау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 маусымда Шамалған ауылындағы кәсіптік колледжде үміткерлермен сұхбат жүргізіледі. Барлық сұрақтардың жауабын +7 702 252 2575 нөмірі арқылы алуға болады. 

Ауданның әзілкеш жастарын бұл мүмкіндіктен қалыс қалмауға шақырамыз.