Қаскелеңдіктер де Арысқа қол ұшын созуда
Главные вкладки
Жетісулықтар да арыс халқына жәрдем беруде. Амандық Баталовтың тапсырмасымен, өңірден жиналған алғашқы гуманитарлық көмектің 8 жүк машинасынан құралған арнайы керуен Түркістан облысына аттанды. Жалпы құны 60 миллион теңгені құраған керуенге негізінен құрылыс заттары, азық-түлік және киім-кешек жүктелді.
Белгілі болғандай, Алматы облысында Арыс қаласында зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында 23 арнайы көмек қабылдау пункті ашылған. Ол жерлерде өңірдегі жиырмаға жуық ірі компания, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, тұрғындар жан-жақты шамаларына қарай қажетті заттарды әкеліп тапсырған.
Қаскелең қаласы, Абылайхан 139, мекенжайында орналасқан Kaskelenkz редакциясында да заттай көмек қабылданатынын естеріңізге саламыз. Олар сенімді жолмен зардап шеккендерге жеткізіледі. Екі күннен бері қаскелеңдіктер барынша ат салысып, осында азық-түлік пен киім-кешектен сәлемдемелерін әкеліп тапсыруда.