Қарасайда қылмыс азайған
Главные вкладки
Ресмим мәліметтерге сүйенсек, ауданымыздағы криминогендік ахуал былтырғы жылмен салыстырғанда жақсарған. Дәл осы кезеңде, былтыр 2975 қылмыс тіркелсе, биыл құқықбұзушылық саны – 2455. Яғни, 17 пайызға төмендеген. Соның ішінде ұрлықты ғана алып қарайтын болсақ, өткен жылы бөтеннің мүлкін жымқыру дерегі 1846 болса, биыл - 1422, демек, көрсеткіш 23 пайызға азайған. Олардың 556-сы өндіріспен аяқталып, 910-ы тоқтатылған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ұрлықтың ашылуы былтырғыға қарағанда биыл 39,4 пайызға жоғарылады деп отыр.