Тұрғындар тәртіп сақшыларынан кеңес алуда
Главные вкладки
Қарасай ауданында 13 - 14 наурыз аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Осы күндері тұрғындардың тәртіп сақшыларымен тікелей жүздесіп, көкейкесті сауалдарға жауап алуға мүмкіндігі бар. Алғашқы күннен-ақ қарасайлықтар кеңсеге келіп, құқық қорғаушылардан кеңес алуда.
Негізінен, қабылдауға келген қарасайлықтар тарапынан қойылған сұрақтар жүргізуші куәлігін ауыстыру, транспортты қайта жабдықтау, айыппұлдарды төлеу тәртібіне қатысты болды.
Полицейлерге қояр сауалдарыңыз болса, сағат 09:00 - 19:00 аралығында төмендегі мекенжайға келуіңіз керек.
1. Қарасай АПБ фронт-кеңсесі, мекенжайы: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 93.
2. «Nur Otan» партиясының филиалы, мекенжайы: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қарасай батыр көшесі,92.
Облыстық Cаll-орталықтың телефон желісі 8-7282-60-87-15.