Ауыл жұрты карантин кезінде құдалық өткізуін қояр емес

Главные вкладки

апр 01, 2020 / 0 комментарии


Жамбыл облысы Жуалы аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері төтенше жағдай тәртіп бұзған жағдайды анықтады.

29 наурызда Талапты ауылының 46 жастағы тұрғыны карантинге қарамастан құдалық өткізіп, қызын ұзатқан.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігіне сәйкес әйелге 10 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынды.

Ұлттық көкпар ойынының бастамашысы болған Нұрлыкент ауылының 37 жастағы тұрғыны да жазаланды. Көкпар тартыс 27 наурызда ауыл тұрғындары арасында өткізілген. Нұрлыкенттік азамат баласының 6 жасқа толған туған күнін осылай тойламақшы болыпты.

Тәртіп сақтамаған тұрғын 7 тәулікке қамауға алынды. Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделгенін еске салады.

Төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабына сәйкес қылмыстық жаза қарастырылған.