Қарасайлықтар карантинге бағынбай жүр
Главные вкладки
Елімізде коронавирус індеті таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Сондай-ақ, еліміздің бірқатар қалаларында карантин енгізілді.
Тек өзіміздің Алматы облысы бойынша тәжтажалға тап болған 10 науқас тіркелді. Оның 5-і Қарасай ауданында анықталды.
Ал күні кеше Түркістанда қайтыс болған науқас та Қарасай ауданында қонақта болып кеткен.
Осыған байланысты сақтық шараларын күшейтіп, халықты үйден шықпауға шақырып жатқан билікті тыңдар құлақ жоқ сияқты...
Оған дәлел, әкімдік, пошта және банк бөлімшелерінің алдында көптеп шоғырланып, кезек күтіп тұрған адамдардың видеосы дәлел.
Айта кетейік, мұндай ұзын-сонар кезек Қаскелең көшелерінде әлі де байқалуда.
Бейнежазбаны мына сілтемеден көріңіз: