Екі баланың анасы түнде дүкенге ұрлыққа түскен
Главные вкладки
Қарасай ауданында түнде азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен азаматша ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Терезе торын бұзу арқылы дүкенге кірген ол жарма, сүт өнімдері, темекі және т. б. Өнімдерден құралған бірінші қажеттілік тауарларлары бар азық-түлік себетін алып шыққан. Сонымен қатар, кассадағы елу мың теңге сомасындағы ақшалай түсімді де алған.
Дүкен иесі таңертең ұрлық жасалғанын байқап, Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне арызданған .
Оқиға орнына жеткен жедел топ күдіктінің дүкенге терезе торын бұзып, пластикалық терезе арқылы кіргенін анықтады.
Бірнеше тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен дүкенге көршілес тұратын 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Күдіктіден ұрланған азық-түліктің бір бөлігі алынып, айғақзат ретінде тіркелді. Сондай-ақ, азаматшаға торды бұзуға көмектескен құралда тәркіленді. Күдікті кәмілет жасқа толмаған екі баланы тәрбиелеп отырған ана.
Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес СДТБТ-да тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.