Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының аты өзгермек

Главные вкладки

июн 19, 2020 / 0 комментарии

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдегі Ұйғыр ауданың атауын өзгерту туралы ұсынды, деп хабарлайды Kaskelenkz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс басшысының баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел мәлімдеді.
“Облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына бірінші барды. Ізінше облыс әкімі Амандық Баталов та жетіп, аудандық әкімдікте жиналыс өткізді. Оған ауыл ақсақалдары, ел ағалары және жастар жиналып, мәселені талқыға салды. Көп көтерілген мәселе – Ұйғыр ауданының атын ауыстыру. Сондай-ақ, жиында жастар арасына іріткі салып жүрген үшінші топтың бар екені айтылды. Сол бойынша құзырлы органдар тиісті тексеру жүргізуде”, — деді Ғалимұрат Жүкел.

Баспасөз хатшысының атап өтуінше,  Шонжы атауын Әлмерек, Ұйғыр ауданын Қарадала деп өзгерту ұсынылыпты.