Қаскелеңдегі ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді
Главные вкладки
 
	2020 жылдың 19 маусымынан бастап Қарасай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі өзгерді. Орталық күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жексенбі - демалыс.
Алматы облысының  ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ  жұмыс кестесін уақытша өзгертті.
Алматы  облысының Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің  19 маусымдағы №17 қаулысына сәйкес ХҚКО-лар азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайтын болады.
Осыған байланысты  Халыққа қызмет көрсету  бөлімдерінен  қызмет алу үшін кезекті сағат 16:30-ға дейін брондау қажет. 


 
 





