Қазақстандықтар Медицина қызметкерлері күнін атап өтуде
Главные вкладки
Дәрігерге деген құрмет бір күнмен шектеліп қалмауы керек. Медицина қызметкерлеріне қай кезде де ілтипат танытуымыз қажет. Соңғы уақытта дәрігерлер қауіпті індеттің құрығына ілінгендердің өмірін аман сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Індет өршіген кезде жаппай жұмылды. Содан бері отбасын көрмегендері де бар.
Соңғы бір айда елордада жедел жәрдемге жүгінетіндер күрт көбейген. Шақыртулар 3 жарым есеге артыпты. Төтенше жағдай кезінде күніне мыңға жуық қоңырау түссе, қазір хабарласатындар саны 2 жарым мыңнан асып кеткен. Өйткені бұқара сақтық шараларына салғырт қарайды. Ал бұл дәрігерлердің жұмысын қиындатып отыр. Қалада 122 бригада бар. Олар тәулік бойы тынымсыз еңбек етуде. Шақыртудың көптігі сонша, үлгермей жатыр.
Дереккөз: https://24.kz/kz/