Латын Америкасында COVID-19 жұқтырғандар саны 2 млн асып кетті
Главные вкладки
Латын Америкасында «Ковид-19» жұқтырған адам саны 2 миллионнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24»
Джонс Хопкинс Университеті осындай мәлімет келтіріп отыр. Аймақта бұл дертке шалдыққандардың жартысынан көбі – Бразилия тұрғыны. Жалпы, осы елде бір миллионнан аса науқас тіркеліп, 50 мыңнан астамы сырқаттан көз жұмды. Екінші орында Перу, бұл елде науқастардың саны 250 мыңнан асып кетті. Ал олардың артынан келе жатқан Чилиде 240 мыңнан аса адам аталған дертке душар болды
Дереккөз:https://24.kz/kz/