Бір айда жедел жәрдем бригадасы 5 мыңнан астам шақыру бойынша қызмет көрсеткен

Главные вкладки

июн 24, 2020 / 0 комментарии

1-ші маусымнан бастап бүкіл республикамыз бойынша КВИ жұқтыру күдігімен 5 мыңнан астам қоңырауға жедел жәрдем қызмет көрсеткен. Бұл ОКҚ-да өткен брифингте Ұлттық жедел медициналық жәрдемді үйлестіру орталығының басқарма төрағасы міндетін атқарушы Бақтияр Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз, мәліметтер күн сайын, тіпті сағат сайын өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда бізде жедел жәрдем бригадалары бір айда жалпы 5 мыңнан астам қоңыраулар бойынша науқастарға көмекке барған, олардың шамамен 70% -ы ауруханаға жатқызылды, - деді Жүсіпов.

 

Ол келісілген алгоритм бар екенін, оған сәйкес қауіпті факторлары жоқ ауруы жеңіл жүретін науқастар емханаларда учаскелік дәрігерлердің бақылауында болатындығын еске салды.

- Кейбір жағдайларда науқастар ауруханаға жеткізілмейді, кейбіреулерінде КВИ белгілері байқалмайды, - деді Ұлттық жедел медициналық жәрдем орталығының басшысы.

 

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев 1 маусымнан бастап бүгінге дейін елордада коронавирус инфекциясына байланысты 2 600-дан астам қоңырау келіп түскенін айта кетті.

Оның ішінде 1 236 науқас ауруханаға жатқызылды. Бұл шамамен 48% құрайды. Қалған науқастар учаскелік дәрігерлердің бақылауына қойылып, үйге жіберілді, - деді Оразбаев.