Қоғамдық көліктердің ішінде «кәсіп еткен» қалтаман ұсталды
Главные вкладки
Қоғамдық көліктердің ішінде «кәсіп еткен» қалтаман ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер небәрі бір сағаттың ішінде күдіктіні анықтап қолға түсірген.
Ағымдағы жылдың 5 шілде күні Қарасай аудандық полиция бөліміне жәбірленуші әйел арызданып, автобустың ішінде оның сөмкесінің белгісіз біреулермен қолды болғанын жеткізді. Сондай-ақ, азаматша қол сөмкесінің ішінде 50 мың теңге көлемінде ақша болғанын айтқан. Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» (188-бап 1 бөлігі) фактісі бойынша тіркелді.
Полицияның есебінде тұған барлық тұлғалардың фотосуреттерін қарап, жәбірленуші әйел күдіктіні бірден анықтады. Оның сөзінше, күдікті ер адам қоғамдық көліктің ішінде оған етене тығыз тұрғанын байқады. Сөйтіп, азаматшаның күдігін әу-бастан-ақ тудырған. Ізкесушілер Іргелі ауылдық округінің 34 жастағы сезіктінің ізіне түсті. Тінту барысында оның бойынан ақша салынған сөмке тәркіленді.
Дәйектермен әшкере болған күдікті аталмыш қылмысты жасағанын мойындады. Жәбірленуші азаматша болса, полицейлердің жедел жұмыстарына ризашылығын білдірді.
Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.