Қаскелеңде тұрғындарды терезеден қабылдаған қай мекеме?
Главные вкладки
Қарасай ауданында орналасқан мемлекеттік мекемелердің бірінде тұрғындарды осылай терезе арқылы қабылдаған. Kaskelenkz редакциясына бұл суретті сол жерде болған адамдар жіберген. Біз бұл суретті инстаграм-парақшамызға жариялап, пост шығардық.
Артынша Қарасай ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы Бақдәулет Талипов осы жайтқа қатысты ресми комментарий берді:
"5 шілдеден бастап қайта күшіне енген карантин режиміне байланысты, елімізде оның ішінде ауданымыздағы бірқатар мекемелер онлайн түрде жұмыс істеуге көшті. Оның ішінде АХАЖ бөлімі де бар. Кешегі @kaskelenkz парақшасында көрсетілген жағдайды ескере келе, осы мәселеге қатысты айтатыным, бұл мекеме қазір халықты онлайн режимде де және арақашықтықты сақтай отырып, яғни, мекеме терезесі арқылы қабылдауды да жүргізуде. Мекемеге бармай-ақ, азаматтар egov.kz порталы арқылы кез-келген құжаттарына өтініш жібере алады", делінген ресми жауапта.