Баталов ашып тастаған орталыққа Әбдірайымов тендер жариялады
Главные вкладки
Баталов ашып тастаған орталыққа Әбдірайымов тендер жариялады, - деп жазды Мәлім. kz сайты.
«Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тендер жариялауда таңқалдыруын қояр емес. Бұл жолы қала әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ бастаған шенеуніктер дайын тұрған ғимаратты салуға тендер жариялап отыр.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулар сайтында 2020 жылдың 21 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне «Antikor» орталығын салуға тендер жарияланды.
Қала әкімдігі орталық салуға 162 млн 734 мың 138 теңге бөлген. Оны «АСК Ауыл құрылысы» ЖШС ұтып та алған екен.
Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан «Antikor» орталығы осыдан үш ай бұрын ашылып кеткен. Мәселен республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында 2020 жылдың 2 сәуір күні Талдықорғанда «Antikor» орталығы ашылды атты ақпарат шықты. Дәл сол күні жергілікті интернет-басылым taldyk.info да «В Талдыкоргане открылся Центр антикоррупционного сервиса» атты материал жарық көрді.
Орталықтың ашылу салтанатына облыс басшысы Амандық БАТАЛОВ және өңірдегі жемқорлықтың басты күрескері Ернар МАҚАЖАНОВТЫҢ (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы) өзі қатысқан еді.
Ал ашылып қойған орталық үшін жарияланған тендер құжатында құрылыс Талдықорған қаласындағы Қабанбай көшесі 42/36 мекен-жайында жүреді деп көрсетілген. МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі бұл мәселені анықтау үшін Талдықорған қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың кеңесшісі Нұр ҚАНАТҰЛЫНА хабарласқан еді.
"Сіз айтып отырған мәселені білмейді екенмін. Оны анықтап сұрау керек. Ресми запрос жіберіңіз", деді ол.
-------------------------------------------------------------
Ал сіздер Қарасай ауданында тендерлер қалай ойнатылатынын, кімдер ұтып алып жатқанын білгілеріңіз келе ме?