Қарасайлық полицейлер 3 сағатта 15 көлікті айып тұрағына қойған
Главные вкладки
Алматы облысы Қарасай ауданының полицейлері Алматы-Шамалған-Боралдай станциясының автожолында жергілікті рейд ұйымдастырды.
Қорытынды-үш сағат ішінде 45 әкімшілік хаттама толтырылып, 15 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар, полицейлер азаматтардан осындай құқық бұзушылықтардың барлық белгілі деректері, фото, бейне материалдары болса Алматы облысы Полиция департаментінің police_almobl әлеуметтік желісіндегі парақшасына хабарлауды сұрады.