Маңызды ақпарат!
Главные вкладки
Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары!
Егер сіздерге:
- медицина қызметкерлері мен басқа тұлғалардың жеткілікті мемлекеттік (гуманитарлық) қамтамасыз ету жүзеге асырылғанына қарамастан, стационарлық науқастардан жеке дəрілік заттар, медициналық жабдықтар, қорғану құралдары жəне т.б. беруді талап ету;
- жедел көмектің уақтылы көрсетілмеу;
- төсек-орын бола тұра медициналық мекемелерге жүгінген адамдарды оларға жатқызудан негізсіз бас тарту жəне бос орындары бар медициналық ұйымдарға орналастыруды ұйымдастырмау;
- медициналық мекеме басшыларының төсек-орын тапшылығын жасанды жасау;
- ауруларды диагностикалаудан негізсіз бас тарту;
- медициналық қызметтерді біліктіліксіз көрсету, осындай жұмысты ұйымдастырмау;
-дəрілік жəне медициналық препараттарды/жабдықтарды, оның ішінде дезинфекциялау құралдарын ұрлау;
- гуманитарлық көмекті бөлуде жеке жəне заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
- дəрі-дəрмектер мен медициналық жабдықтардың бағасын көтеру;
- медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің карантиндік шектеулермен байланысты өкілеттіктерін асыра пайдалану деректері мәлім болса Қарасай ауданы прокуратурасының сенім телефондарына (87719999099, 87016626285) хабарлауларыңызды сұраймыз.
Қарасай ауданының прокуратурасы