Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 11 адам анықталды

Главные вкладки

окт 21, 2020 / 0 комментарии

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың басым бөлігі Атырау қаласынан. Ал үш науқас - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Оның ішінде бір науқаста ауру симптомды түрде, қалғандарында симтомсыз өтуде. 
 
Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 114 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.