Қаскелеңді «алақандағыдай» етіп көрсетеді...

Главные вкладки

ноя 03, 2018 / 0 комментарии

Бүгінгі таңда ауданымызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Аламос» компаниясы зор үлес қосуда. Жуырда компания басшысы Куаныш Шаханов Алтын ауыл орта мектебінде қаскелеңдіктерге «Любимый город» мобильді қосымшасын таныстырды. Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Гүлжан Дүйсенова бұл қосымшаның берері мол екенін айтып, «Аломос» компаниясына сәттілік тіледі.

 «Любимый Город», яғни «Сүйікті қала» - бұл Сіздің қалаңызды «алақандағыдай» етіп көрсететін ерекше мобильді қосымша.  Қалаңыздың түрлі ақпараты мен қызметтерін бір арнаға тоғыстырады. Қызықты әрі маңызды мәліметті тез табуға және уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі. Қазір бұл қосымша Қазақстанның 9 қаласында ғана бар, ал Алматы облысы бойынша талдықорғандықтар мен қаскелеңдіктер үшін қол жетімді болып отыр. Жобаға шамамен 35 млн. теңгенің көлемінде қаражат жұмсалған.

Қолданушылар үшін тегін ақпараттық қызмет болып табылатын қосымша өте ыңғайлы әрі тиімді. Онда қала жаңалықтары,  іс-шаралар мен акциялар, афиша, бос жұмыс орындары, sмs тарату, сату, сатып алу, жоғалу, тауып алу туралы хабарландырулар, жеткізу қызметтері, такси, мекемелердің  мекенжайы мен телефон нөмірлері, тіпті, адасып қалсаңыз, карта да  бар.

 

Қосымшаны AppStore және Play market бағдарламасынан тегін жүктеуге және пайдалануға болады. Бүгінгі күні оны қолданушылардың қатары да күн санап көбеюде. Сіз де көштен қалмай, супер қосымшаны жүктеп алуды ұмытпаңыз!