3628 литр алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан
Главные вкладки
Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Шамалған ауылында өткен тақырыптық тексеру барысында салық төлеуші құны 2 миллион теңгеден асатын 3628 литр мөлшерінде алкоголь өнімдерін тиісті рұқсаттарсыз (лицензиясыз) бөлшек саудада өткізетіндігі анықталды.
Материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Қарасай әкімшілік сотына жіберілді.