Алматы облысында 1,2 млрд теңгеге кәсіпкерлердің құқығы қорғалған

Главные вкладки

янв 19, 2021 / 0 комментарии

Бұл туралы Өңірлік палатаның директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді. Оның айтуынша, бизнестің түйткілді мәселелерінің қатарында мемлекеттік сатып алулар мен жер қатынастары саласы, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдар, салық, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мәселелер бар.

«2020 жылы палатаға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау желісі бойынша заңды тұлғалардан 233 өтініш келіп түсті, оның 88-і оң шешімін тапты. Жалпы, біздің қолдауымыздың арқасында бизнес құқығы 1,2 млрд теңгеге қорғалды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары», - деп атап өтті Әсет Шаяхметов.

Мәселен, 2020 жылы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері сотта "АЛСАД Қазақстан" ЖШС құқығын қорғап,  сотқа үшінші тұлға ретінде қатысты. Компания соттан мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тануды және 2020 жылғы наурыздан мамырға дейін тағамдық тауық жұмыртқасы өндірісінің құнын арзандатуға өтінімдер қабылдау және субсидиялар төлеу арқылы бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді талап етті. Азаматтық істі қарау қорытындысы бойынша сот кәсіпорынның 56 млн теңге көлеміндегі талап-арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, палата сарапшыларымен 243 нормативтік-құқықтық актілер қаралды, олардың 57-і ескертулермен, 79-ы ескертулерсіз, 107-і кәсіпкерлер мүдделеріне қатысы жоқ.