Қаңтарда теңгеге не әсер етті
Главные вкладки
Вакцинация – Covid-19 төңірегіндегі жағдайды реттейді дегенге аз да болса үміт сыйлап отыр. Бірақ, өте тез таралып жатқан коронавтирустың жаңа штаммы жаңа шектеулерге байланысты әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынына қатысты қорқынышты күшейтіп жіберді.
Қаңтардағы сыртқы нарықтардың жағдайы туралы
Әлемдік қаржы нарықтарының қарқыны өткен айда әртүрлі болды. Қаңтардың алғашқы екі онкүндігінде АҚШ экономикасы кезекті ынталандыру пакетін алған соң және инфляциялық болжамдардың өсуіне байланысты, төмен ставкалардың перспективасын реттеуші пікірлерге байланысты қордық индекстердің өсімі байқалды. Айдың басында шикізат нарықтарында да жақсы динамика байқалды. 5 қаңтар күні ОПЕК+ мүше елдер мұнай өндіруді азайту туралы компромисті шешімге қол жеткізді. Сауд Арабиясы ақпан мен наурызда ерікті түрде тәулігіне 1 млн баррельге аз мұнай өндіреміз деген шешімін мәлім етіп, бұл да өз кезегінде мұнай нарығына қолдау болды. Қара алтынның бағасы пандемияға дейінгі деңгейіне жетіп, баррельіне 57 доллардан асты.
Алайда, айдың соңғы аптасында кәсіби емес трейдерлердің GameStop сияқты бірқатар компанияларға жасаған мәмілелері қорлар нарығындағы жағдайды құбылтып жіберді.
АҚШ қор нарығындағы құбылмалы жағдайдың индексі 11 пайыздық пунктке, 22 пайыздан 33 пайызға дейін өсті. Бұдан басқа, вакцинация уақыты мен оны елдер арасында тең бөлмеу мәселесіне байланысты да нарықта пессимистік болжамдар пайда болды. Ал, әлем бойынша Covid-19 жұқтырғандардың көптігі құбылмалы жағдайға әкеп соғатын басты фактор болып қалып отыр. Қаңтардың қорытындысы бойынша, S&P 500 индексі 1,1%-ға төмендеді.
Мұнай өндіру бойынша келісілген шектеулер кезінде Brent маркалы мұнайдың бағасы бір айда 8%-ға өскеніне қарамастан, көмірсутектерге деген сұранысты қалпына келтіру қарқыны бірқатар күмән туғызды. Мысалы, Қытайдағы автокөлік тасымалына қатысты мәліметтер 2020 жылдың наурызындағы қатаң карантиндік кезең деңгейіне дейін төмендегенін көрсетті.
Сыртқы нарықтардағы жағдайдың ұлттық валютаның динамикасына әсері туралы
Қаңтар айында теңгенің динамикасы әлемдік нарықтағы өзгерістерге сай болды. Мұнай бағасының күрт өсуі мен АҚШ долларының бағамы әлем бойынша әлсіреп жатқан кезде, айдың басында теңге 418,94 деңгейінде нығайды. Айдың біраз бөлігінде айырбас бағамы 418,4-420,8 аралығында болды.
Айдың соңында теңге 424,2 көрсеткішіне дейін немесе инвесторлар тәуекелден қорқып, АҚШ доллары нығайған және қор индекстері құлаған жылдың басынан бері 0,8%-ға әлсіреді. Көптеген дамушы елдердің валютасы осы айда әлсіреді. Мысалы, Бразилияның реалы 5,4%, Мексиканың песосы 3,3%, Оңтүстік Африканың ранды 3,2%, Ресей рублі 2,5% әлсіреді.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2020 жылдың желтоқсаныдағы 2,5 млрд АҚШ доллары көрсеткішінен 2021 жылдың қаңтарында 2,2 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді.
Жалпы алғанда, нарық негізгі факторлардың ықпалына қарай, қалыптасты деуге болады. Осыған байланысты, Ұлттық Банк интервенция жасаудың қажеті жоқ деп тапты.
Бюджетке трансферт беру аясында Ұлттық қордан алынған валютаның сатылымы Ұлттық валютаға біраз қолдау көрсетті, сатылымдардың көлемі 720 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордағы субьектілердің 206 млн АШ доллары көлеміндегі сатылымнан түскен пайдасы да теңгеге тіреу болды.
Посткеңестік кеңістіктегі, атап айтқанда Ресейдегі тұрақсыз геосаяси жағдайдың жергілікті валюта нарығына әсері туралы
Теңге мен рубль курсының арасында өзара байланыс бар екенін айтқамыз, бірақ, ол байланыс тікелей емес. Қазір Ресейге төніп тұрнған санкциялық тәуекелдердің ерекшелігі бар және олар жергілікті валюталық нарықтарға тікелей әсер ете алмайды. Алайда, санкциялық риториканың қазір сақталып отырған жағымсыз жағдайына байланысты, Қазақстанның негізгі серіктес валютасының бірі – рубльдің әлсіреуі теңгенің бағамына да жаман әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, Ресей нарығынан портфелді инвесторлар тағы кете басмтаса, резидент еместердің бір бөлігі Қазақстанның қарыз нарығына келеді. Қаңтар айында шетелдік инвесторлардың бізге келе бастағанын байқадық. ҚР МҚҚ-дағы резидент еместердің көлемі 191 млрд теңгеге өсіп, 604 млрд теңгеге жетті (1,4 млрд АҚШ доллары). Халықаралық сарапшылар Қазақстанның қарыз және валюталық нарықтарына жақсы баға беріп, активтерді ұлттық валютада сатып алуға кеңес береді, өйткені, олардың пайымынша, ставкалар тартымды болады.
Қаңтардағы алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаңтарда алтынвалюта резервтері жыл басынан қатты өзгермей, 35,6 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен бірге, Азия конъюнктурасы баламасындағы 0,9 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаражаттың түсуіне байланысты еркін айырбасталатын валютадағы активтер көбейді. Бұл фактордың әсері шамамен 100 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сыртқы қарызды төлеумен және екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі шоттарындағы қаражатының 500 миллион долларға азаюымен өтелді. Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шоттарынан қаражаттың кетуі, негізінен, екінші деңгейлі банктердің бірінің валюталық облигацияларын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаумен байланысты.
Алтын портфелі 0,3 миллиард долларға төмендеді, бұл жыл басынан бері алтын бағасының төмендеуі кезінде немесе бір унция үшін 1891 доллардан 1853 долларға дейін немесе 2% -ға төмендеді. Вакцинаның дамуы мен бизнесті қалпына келтірудегі жетістіктер қорғаныс активі ретінде алтын бағасының төмендеуінің негізгі себептерінің бірі болып отыр.
Қаңтарда Ұлттық қордағы активтердің мөлшеріне әсер еткен факторлар туралы
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаңтар айыныңд соңында Ұлттық қордың валюта активтері жыл басынан бері 1 миллиард долларға азайып, 57,7 миллиард АҚШ долларын құрады.
Ұлттық қордағы көлемнің төмендеуіне түрткі болған басты себеп – бюджетке трансферттердің бөлінуі еді, оның көлемі 381 миллиард теңгені (900 миллион АҚШ долларына балама) құрады. Жоғарыда атап өткенімдей, осы мақсаттар үшін валюта нарығында 720 миллион АҚШ доллары сатылды, бұл шамамен 300 миллиард теңгеге тең, ал қалған трансферттер теңге шотындағы қалдықтар есебінен жүзеге асырылды, бұл валюта нарығында негізінен 2020 жылдың соңғы екі айында Ұлттық қорға түсімдер есебінен қалыптасты.
Қаңтардың соңында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс болып, (-)340 миллион АҚШ долларын немесе (-)0,6% құрады. Оның ішінде шамамен 150 миллион доллар меншікті капитал портфелінің қысқаруына және 140 миллион доллар дамыған елдердің облигациялар портфелінің азаюына келеді. Негізгі себептері – дамыған елдердің MSCI World қор индексінің қаңтарда 1%-ға төмендеуі және дамыған елдердің облигациялар индексінің теріс кірістілігі (-) 0,43%.
Ақпан айының басында-ақ қор нарығының қалпына келе бастағаны байқалды. Ақпанның алғашқы 5 күнінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қаңтардағы құлдырауын реттеп, 440 миллион АҚШ долларына жетті.
Жақын арада нарықтардың көңіл-күйі мен динамикасын анықтайтын факторлар туралы
Әлемдік экономиканың қалпына келу қарқыны коронавирустың жағдайына тікелей байланысты. Вакцинациямен байланысты оптимизмге және вакцинаның тиімділігі туралы жалпы оң мәліметтерге қарамастан, бірқатар қауіпті факторлар сақталып қалып отыр, олар: вирустың жаңа, неғұрлым жұқпалы штамдарының пайда болуы, вакцинацияның баяу жүруі, вакциналармен қамтамасыз ету мен өндірудегі қиындықтар, бір сөзбен айтқанда – «вакционализм».
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейбір дамыған елдерді вакцина жеткізілімінің көп бөлігін сатып алады деп айыптайды, бұл олардың санынан бірнеше есе көп, мұндай әрекеттер кедей елдерді вакциналарға мүлдем қол жетімді етпеуі мүмкін деп ескертеді.
Вакцинаның қол жетімділігі мен вакцинация мөлшерінің үлкен айырмашылығы оның біркелкі болмауына әкеп тірейді: мысалы, Израиль өз халқының 60%-ына бір немесе бірнеше дозада вакцина егіп үлгерген, Ұлыбритания - 19%, АҚШ - 12%-дан, ал Үндістанда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен және 1%-дан аз. Дамушы елдер үшін ұжымдық иммунитет алу үшін вакцинациялау қарқынын жеделдету және вакциналардың қол жетімділігін арттыру – шектеу шараларын біртіндеп алып тастаудың алғышарты болса керек.
Дегенмен, мұнай нарығындағы ахуал жақсарып келеді. Ақпан айының басынан бастап Brent маркалы мұнай бағасы 55,9 доллардан 59,8 долларға дейін немесе 7%-ға өсті. Алайда, мұнай өнімдеріне деген сұраныс баяу қалпына келеді, өйткені әуе қатынасын қалпына келтіру және автомобильмен жүру үшін әлі ұзақ жол бар. Сондықтан ОПЕК+ елдерінің арасында мұнай өндіру тәртібі баға белгілеу үшін әлі де өте маңызды. Өндірушілердің өндіріс көлемінің келісілмеген өсуі сұраныстың әлсіз қалпына келуі жағдайында тез арада мұнайдың артық болуына әкелуі мүмкін.
Қаржы нарықтарын орталық банктердің ультра-жұмсақ саясаты қолдайды. Орталық банктердің немесе ірі үкіметтердің ынталандыруды мерзімінен бұрын алып қоюы әлемдік экономиканың әлсіз қалпына келуіне үлкен әсер етуі мүмкін.
Еске салайық, президент Дж.Байден мен Демократиялық партияның бақылауындағы АҚШ Конгресі 1,9 триллион долларлық қосымша бюджеттік пакетті ұсынып отыр. Заң шығарушылар өткен аптада республиканың қолдауынсыз Байденнің алдағы апталарда уәде еткен жоспарын орындау туралы бюджеттік қаулы қабылдады.
Белгіленген тәуекелдерге және тұрақты құбылмалылыққа қарамастан, нарықтар негізінен позитивті болып табылады және біз ақпан айының басынан бастап қор индекстері мен мұнай бағасының өскенін байқадық. Бұл дамушы нарықтардың валюталарына және қаржы құралдарына қатысты инвесторлардың тәуекелінің жоғарылауына ықпал етеді.