Алматы облысында әкімнің пара алуына қатысыты сот ісі жүргізілуле
Главные вкладки
Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевке қатысты іс бойынша кей мәліметтерді айтты деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Қадағалаушы органның мәліметінше, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевке және әкімдіктің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Бұл іспен Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары айналысуда.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының бірнеше рет қомақты мөлшерде ақша түрінде пара алуы) бойынша жүргізілуде.
Сонымен қатар өңір прокуратурасы 26 қаңтарда әкімге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейтіні айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында желіде Алматы облысы Талғар ауданының әкімі мен оның қарамағындағылардың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.Желі аясында Серікжан Ерекешевті полиция қызметкерлері 10 миллион теңге пара алғаны үшін ұстады деген сыбыс тараған болатын.Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл ақпаратты растады.