Жол азабынан шаршаған жұрт
Главные вкладки
Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылының тұрғындары «бүгін жол жабамыз» деп шу шығарды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Өйткені жол азабын тартып жүр. Көшелері тобықтан батпақ. Онлайн сабақ басталғалы сапасыз интернеттің де жыры қосылған. Жағдайды айтып барғандарды шенеуніктер есіктен сығалатпайды екен.Тұрғындардың айтуы бойынша, қар жапалақтап, жауын жауса болды жерді лай басып, ата-аналардың кешкі құрым уақыты аяқ киім тазалаумен өтеді екен."Көшемен жүру мүмкін емес" деп жан айқайын айтқан тұрғындардың өтінішін жоғары билік өкілдері бюджеттің қысқалығымен байланыстырып отыр.Бұл туралы Тұздыбастау ауылының тұрғыны Мадияр Тілеубаев ауыл әкімінің орынбасарының
"Өкіметте ақша жоқ, әкімшіліктен ақша бөлінбейді, сонымен қатар, көшелердің ешқайссының шекаралары айқындалмаған"- деп айтқанын жеткізді.100 ден астам түтіні бар ауылдың әкімі Мирас Баймолданов 5 жылда ауыл тұрғындарына алғаш төбе көрсетіп, жол мәселесі жоспарда тұрғандығын айтты.
"Бұл көшелердің бәрі тас жолмен болады.Мен оны есеп бергенде зерттеп, тізімге кіргіздім"- дейді ол.
Алматыға қатынайтын автобустардың да жолды айналып өтетіндігі белгілі.Осындай мәселелерден әбден зеріккен ауыл тұрғындары жолды жабуға дейін бегінген.Дегенмен әкімдік барлық мәселелер шешімін табамыз деп халыққа тоқтау айтты.Бірақ әкімдердің кезекті уәделеріне ауыл тұрғындары күдікпен қарайды.