Алматыда үлкен жол апаты болды:екі адам дүниеден өтіп, үшеуі жарақат алды

Главные вкладки

Feb 14, 2021 / 0 комментарии

Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек шатқалы маңында Audi мен Lexus көліктері соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан екі адам қайтыс болып, тағы үшеуі жарақат алды.
Жол-көлік оқиғасының кадрлары instagram желісіндегі kris_p_kz парақшасында пайда болған. Кадрларда екі көліктің апатқа ұшырағанын көруге болады.
Sputnik Қазақстанның ақпаратынша, Алматы - Көкпек - Көктал тас жолының 167 шақырымында жол апаты орын алған.
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала болжамға сәйкес иномаркалардың бірі алдындағы көлікті басып озбақ болып, қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, көлікпен соқтығысуға жол берген.
Жол апаты салдарынан екі адам қайтыс болып, үшеуі медициналық мекемеге жеткізілген. Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, Шымкентте "Ордабасы" индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат опырылып құлап, салдарынан үш адам қаза болған еді.