Заңды тұлғаларды электронды тіркеу

Главные вкладки

дек 10, 2018 / 0 комментарии

        «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша бірқатар мәселелер оңтайландырылып отыр.

         Тоқталып өтсек, шағын кәсіппен айналысатын заңды тұлғаны ашатын құрылтайшы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электронды нысанда өтініш білдіріп тіркей алады. Бастапқы тіркеу барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік баж төлемейді.

           Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны тіркеу үшін төленетін алым, жарғы, тұрған жерін растайтын құжат, құрылтайшы заңды тұлғаның салық берешегі жоқ туралы анықтама заңды тұлғаны тіркеу кезінде ұсынылатын тізбеден алып тасталған болатын. Сонымен бірге, кәсіпкерлерге өз бизнесін «Электронды үкіметтің веб-порталында» онлайн режимде мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден, таратылуын тіркеуден өткізуге мүмкіндік берілді. Бұл дегеніміз кәсіпкерлер өз бизнесін 1 жұмыс күні ішінде қайта тіркеуден, ал оны құру жұмыстарын 1 сағат ішінде қол жеткізеді. Сонымен қоса, «Электронды үкіметтің веб-порталы» арқылы 5 жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның таратылуын тіркеу мүмкіншілігі де қарастырылды.

          Сонымен қатар, заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуын электронды түрде тіркеу мүмкіндігі де бар. Өз кезегінде, порталда электрондық өтінімді толтырып, қажетті құжаттар топтамасымен қоса тіркелуі қажет.

         Айта кететін тағы да бір жайт, заңды тұлғалар өздерінің тіркелуі, филиалдары мен өкілдіктері бойынша ақпаратты алуға портал мүмкіндік береді.

 

 

Р.Мадияров,

 

Қарасай аудандық Әділет басқармасының басшысы, заңгерлер одағының мүшесі.