Таспагер болып табыс тауып жүр
Главные вкладки
Медиа саласын мектеп оқушылары да меңгеріп келеді. Соңғы кезде сұраныста жүрген видео түсіру және монтаждау секілді ақпараттық бизнес саласына аса қажетті мамандықтарды оқушылар да игеріп алған. Солардың бірі - Жаңаөзендік Жібек Сәрсенбаева. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
10 сынып оқушысының дайындаған креативті бейнероликтері әлеуметтік желілерде мыңдаған қаралым жинаған.
«Видео жасауға қызығушылығым 8-9 жасымда оянды. Кішкентай кезімде қызықты мультфильмдер мен әртүрлі «YouTube» блогерлерін көріп қызықтым. 2013 жылы видеоөңдеу бойынша арнайы курс болмағандықтан қиынға соқты. Өз ынтамның арқасында ізденіп, сабақтарға қатысып, өздігімнен үйрендім»,- деді Жібек Сәрсенбаева.
Сүйікті хоббиін табыс көзіне айналғандырған оқушыға ата-анасы қолдау білдіріп, ноутбук, дрон, микрофон, штатив, аспалы жарықшам секілді құрал-жабдықтарды сыйлаған. Болашақта кино саласында, режиссер болғысы келетін Жібек Сәрсенбаева Қазастандағы кино индустрия саласында жұмыс істеуді армандайды.