Биыл Серебрянск қаласында ашық әкімдік ашылады

Главные вкладки

мар 16, 2021 / 0 комментарии

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфирде Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов ауданда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы айтты.


«2021 жылы Серебрянск қаласында сервистік әкімдік ашу жоспарлануда. Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдарының құрылымына 28 ұйым кіреді. Бүгінгі күні аудандағы 28 атқарушы орган басшылары кабинетінің 12-сі бірінші қабатта орналасқан. Алтай ауданының ЖАО ведомстволық бағынысты 60 ұйымының 37 басшылар кабинеті 1 қабатта орналасқан. 2019 жылы 2 бастауыш мектеп («Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ және «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ) директорларының кабинеттері ғимараттың екінші қабатынан бірінші қабаттарына ауыстырылды. Барлық мемлекеттік қызметшілер: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жер қатынастары бөлімінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, Алтай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері open space форматындағы кабинетте Халыққа қызмет көрсетеді», - дейді Қалиқан Байғонысов.

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, Алтай ауданында өзіне – өзі қызмет көрсетудің 24 бұрышы жұмыс істейді: қала, кент және ауылдық округ әкімдіктерінде – 15 және кітапханаларда - 9.

Өзіне-өзі қызмет көрсетудің әрбір бұрышында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуда халыққа әдістемелік көмек көрсететін жауапты қызметкерлер бекітілген. Халық үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына еркін қолжетімділік бар. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары туралы мәліметтер орналастырылған.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың барлық шаралары сақталған. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштарында 58083 электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген.

«Бюджет ашықтығы бойынша ағымдағы жылға бекітілген бюджеттік бағдарламалар сомасын порталға 2021 жылғы 1 наурызға дейін орналастырдық. Биылғы аудан бюджеті 12563,5 млн. теңгені құрайды. Деректерді порталға орналастыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімдігі  жауапты болып табылады, бақылауды Алтай ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі жүзеге асырады»,-дейді аудан басшысы.