Ауыл тұрғындарының техникалары жанып кетті
Главные вкладки
18 желтоқсанда Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылында электр тоғының ақауынан, яғни, желідегі тоқ қуатының күрт әлсіреуінен кейбір тұрғындардың тұрмыстық техникалары күйіп кеткен.
Ол жөнінде қиын жағдайға тап болған жандосовтықтар әлеуметтік желіде дабыл қағып, көмек сұрады.
- Менің теледидарым, тоңазытқышым, ең бастысы газ жылуының таралуына көмектесетін сорғым (насос) күйіп кетті. Электр торабына қоңырау шалып едік, олар жауапкершіліктен бас тартып отыр. Мен өзім декретте отырған анамын. Түгелдей жаңадан сатып алуға жағдайым келмейді. Енді не істеуім керек?- дейді ауыл тұрғыны @kaskelenkz инстапарақшасында.
Постқа пікір қалдырушылардың да ойы сан түрлі болғанымен, барлығы бұл шығынның өтелуіне күмән келтіретіндіктерін алға тартты. Сонымен қатар, мұндай жағдайға тап болушылардың көп екені де белгілі болды. Ал, жергілікті әкімдік, басқа да құзырлы органдар тарапынан тұрғындардың жанайқайына ешқандай жауап қайтарылған жоқ.