Заңсыздыққа жол берген мамандардың ісі қаралды
Главные вкладки
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізген ұсынысы МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы өткізген жиында қаралды.
Мәжіліске Департамен басшылығы мен Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшылары, мамандары қатысты.
Жиында аталған мекеме басшысының «Ақмыш сайы» тарихи-мәдени ескерткішінің аймағын абаттандыру жұмыстары толығымен орындалмағанына қарамастан, жұмысты тапсыру- қабылдау актісін жасақтап, заңбұзушылық әрекетке жол берген ісі қаралды.
Мәжіліс соңында, Департамент тарапынан мемлекетке шығын келтіруіне байланысты заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде тиісті ұсыныс жеткізілді.