Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Главные вкладки
1 сәуірде Алматының Наурызбай ауданында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды Kaskelen.kz "Zakon.kz" сайтына сілтеме жасай отырып.
Апат Карьерная көшедегі Абай саяжайларында болды.
Жүк тиелген КамАЗ оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Жүргізуші айтқандай, ВАЗ 2114 қарсы бағытта келе жатып, күтпеген жерден қарсы жолаққа шығып кеткен. Көлік жүк көлігінің дөңгелегіне соғылып, дөңгелегін жұлып әкеткен. Соққыдан КамАЗ-ға тиелген жүк далаға ұшып түскен.
Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Екеуі де 2000 жылы туған.
Жол-көлік оқиғасы болған жерде барлық мән-жайларды полиция қызметкерлері анықтады.
Еске салсақ, Жезқазған мен Сәтбаев арасындағы тасжолда 22 наурыз күні бес адамның өмірін қиған жол апаты болған еді.
"ВАЗ-21099" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдағы қоршаудың кронштейніне соғылған. Көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.