Алматы облысының полицейлері өзгені ұрып-соққан күдіктіні ұстады

Главные вкладки

апр 03, 2021 / 0 комментарии

30 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданының Полиция бөліміне 69-жастағы жергілікті тұрғын жазбаша арызбен жүгінген. Ол өзінің арызында, 27-наурызда түнгі уақытта 1986 жылы туылған ұлын ұрып-соққан азаматқа қатысты заңды шара қолдануды сұраған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
«Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жедел анықтау шаралары барысында 1987 жылғы жігіт анықталып, ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдікті қылмыс жасағанын толығымен мойындаған»,-деді Еңбекшіқазақ АПБ бастығы полиция полковнигі Талғат Сейлханов.