Тындырымды жұмыс пен тыңғылықты қызмет!

Главные вкладки

апр 06, 2021 / 0 комментарии

Рахмет Разбекұлы Облыстық дін істері басқармасының тізгінін ұстағалы бері, күрмеуі қиын мәселелердің түйіні ағытылып, ілкімді істер атқарылды. Талай дүлдүл мен жүйрікті топырағында дарытқан Жер жаннаты Жетісу жерінің гүлденуіне бір кісідей білек сыбана үлес қосты, жүйелі әрі нәтижелі жұмысымен көзге ілікті.
Бірлігі мен берекесі жарасқан Жетісу мекеніндегі түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі, олардың ауызбіршілігі облыс идеологиясының дұрыс жүруіне тікелей байланысты екені айдан анық. Міне сол себепті де, өзінің туа бітті мінезі мен жұмысқа деген тиянықтылығының арқасында Рахмет Разбекұлы алдына қойылған нардың жүгін ардың жүгімен тең ұстауға бекінді. Осы уақыт аралықтарында талайлы жұмыстар жүргізіліп, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жандануына, оның халық арасындағы кең түсінік алуына, конфессияаралық қатынастардың сақталуына және тұрақталуына үлкен септігін тигізді.
Бір терінің пұшпағын бірге илесіп, облыстағы діни ахуалдың тұрақтылығы үшін қызмет ету – біз үшін үлкен абырой. Осы уақыт аралығында өзіңізбен қызметтес болған дін істері басқармасы және оған қарасты қос орталық ұжымы алдағы атқарар жұмыстарыңызға сәттілік, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат пен талмас қанат тілейді.