Алматы облысының тұрғыны таудың ауасын құтыға салып стып жатыр

Главные вкладки

апр 08, 2021 / 0 комментарии

Қазақстандықтар жарнама сайттарының бірінен ерекше хабарландыру тауып алды. Ер адам "Қазақстанның ауасын" құтыға салып сатып жатыр деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Қазақстанның "таулы ауасын" сатып жатқан ер адаммен телеарна тілшісі байланысқа шыққан.
Ер адамның сөзінше, ол Алматы облысындағы таулардың ауасын шыны құтыға жинаған. Бір құтының бағасы - мың теңге деп белгіленген.
"Пысық сатушы егер өтініп жатса, бағалы тауарды тегін беруге де дайын екенін айтты. Біздің түсінуімізше, ауа сатып алушылар әзірге табылмапты", - дейді телеарнаның тілшісі.
Еске сала кетсек, еліміздің астанасы әлемдегі ауасы ластанған отыз қаланың қатарына енді. Осы орайда экологтар қаланы тезірек газға көшіру керектігін айтып, дабыл қақты.
Қалалар тізімінде елорда 21,9 микрограмм көрсеткішімен ауасы лас қала ретінде тіркелді. Елде өнеркәсіп пен өңдеуші кәсіпорындар, жылу-энергия орталықтары мен көлік түрлерінің саны артқан сайын ауа ластанып, түрлі дертке шалдыққандар саны артуда.