Алматы облысының тауларында қатты жаңбырдан кейін тағы да сел жүрді. Лай-батпақ аралас тасқын Сарыөзек-Көктал тас жолында, Панфилов ауданына қарасты Ақжазық ауылының маңынан 9 маусым күні кешкі 17.00 шамасында ағып өткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.