"Мұқағали" фильмі халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды

Primary tabs

Oct 31, 2022 / 0 comments

Режиссер Болат Қалымбетовтың "Мұқағали" көркем фильмі Дубайда өткен Meta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан кино байқауына төрт фильмді ұсынды. Олар: "Мұқағали","Ұлы дала таңы", "Ақын" және "Барымташылар".

Ал жалпы кинофестивальге әлемнің 25 елінен 70-тен астам фильм қатысты.

Қазақстандық прокатқа 2021 жылдың күзінде шыққан "Мұқағали" көркем фильмі бұған дейін Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне, Ресейде өткен "Әдебиет және кино" Халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы дипломына ие болған. Сондай-ақ, Үндістанда болған жиырма алтыншы Халықаралық кинофестивальдің "Әлемдік кино" секциясында көрсетілген.