Заңсыздыққа жол берген мамандардың ісі қаралды

Primary tabs

Сәу 01, 2021 / 0 комментарии

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізген ұсынысы МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы өткізген жиында қаралды. 

Мәжіліске Департамен басшылығы мен Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшылары, мамандары қатысты. 

Жиында аталған мекеме басшысының «Ақмыш сайы» тарихи-мәдени ескерткішінің аймағын абаттандыру жұмыстары толығымен орындалмағанына қарамастан, жұмысты тапсыру- қабылдау актісін жасақтап, заңбұзушылық әрекетке жол берген ісі қаралды.

Мәжіліс соңында, Департамент тарапынан мемлекетке шығын келтіруіне байланысты заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде тиісті ұсыныс жеткізілді.