Мейрамбек Бесбаев сауығып келеді

Primary tabs

Қаң 22, 2021 / 0 комментарии

Коронавирус инфекциясын жұқтырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан Мейрамбек Бесбаевтың бүгінгі күнде жағдайы жақсарған, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі әншінің әлеметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап
"Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді. Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз", - деп өзінің шексіз алғысын білдірген Бесбаев көпшілікті сақ болуға шақырды."Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар!", - деп жазды ол.Арада күндер салып, "Музарт" тобының деректоры әншінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасап, өз пікірін білдірді.Оның айтуы бойынша, Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөлімінен жеке палатаға шығарылып, жағдайы бұрынғыдан әлде қайда жақсарған.Бұл мәлімдеме көптің көңілін тыныштандырғаны һақ. Айта кететін жайт, эстрада жұлдызының ауруханаға түскенін естіген бірқатар әншілер алаңдап, Мейрамбек Бесбаев үшін дұғада екенін айтты.