«Казправда» сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Primary tabs

Mar 23, 2022 / 0 comments

«Казправда» сайты хакерлік шабуылдан зардап шекті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

«Хакерлер «Казахстанская правда» газетінің сайтын бұзды. Жаңалықтар мен материалдардың орнына Ресейдің туы шықты. Осы мәселе бойынша шаралар қабылданылуда», - деді басылымның журналисі Зарина Москау әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Бір қызығы, кейбір қолданушыларда сайтқа кіруде мәселе болмаған. Бірақ кейбір порталға кірушілер сайтқа дұрыс кіре алмаған.

 

Кейін Москау бұл мәселенің қалпына келтірілгенін хабарлады. Оған ресейлік сервиске жасалған хакерлік шабуыл себеп болды.