Алматыдағы атыс: Пәтерде жасырынған күдіктіні құрықтауға арнайы жасақ араласты

Primary tabs

Apr 24, 2021 / 0 comments

24 сәуір күні түстен кейін Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін жарақаттаған ер адам пәтерге жасырынды. Ол полицияға оқ атуын жалғастыруда деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан. Күзетшіге оқ атты деп күдіктелген ер адам бірнеше сағат бойы пәтерде жасырынуда. Күдікті терезеге белгісіз хабарламасы бар постер іліп қойды.

"Ол күзетшіні жаралады. Енді тығылып, оқ атуын жалғастыруда", - деді тұрғын үй кешені тұрғындарының бірі Sputnik Қазақстанға. 

Оның айтуынша, ер адам бұған дейін де көршілеріне дөрекілік көрсеткен. Тіпті оны тұрғындардың желідегі чаттарының бірінен бұғаттап тастауға тура келіпті.

"Тұрғындардың тағы бір чатында оның жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама жүр. Бізде 23 қабат, шамамен 600 пәтер бар", - деді тұрғын

Оқиға орнында полиция департаментінің бастығы генерал-майор Қанат Таймерденов жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр. Полиция не болып жатқаны туралы әзірге түсініктеме берген жоқ. Журналистерді оқиға орнына жақындатпады. 

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жанында түсірілген видео тарағанын жазған едік. Видеодан 10-нан астам полиция қызметкерінің автотұрақтың жанында тұрғанын байқауға болады. "Ер адамға Бұқар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінде мылтықпен оқ жаудырды. Күзетші аң аулау мылтығынан атылған болуы мүмкін. Оқ жаудырғаннан кейін күдікті айып тұрағына қарай бет алып, ізін суытты", - делінген жазбада. Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді. Алматы полиция департаменті бір адамның оқ жарақатын алғанын растады.