Алматыда қар жауып, көктайғақ болады

Primary tabs

Dec 09, 2021 / 0 comments

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады.

9 желтоқсан күні Алматы тауларында түнде қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстiк- шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргізушілерге мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: — есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін; — көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек; — абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және тағы басқаға) алаңдамаңыз.; — әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз; — аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс; — қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді; – есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.