Алматыда қоғамдық көліктерде тегін жүруге құқы бар тұлғалардың санаттары кеңейтілді

Primary tabs

Jan 30, 2021 / 0 comments

Алматы қаласының әкімдігі VII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясының барысында қалалық қоғамдық көліктерде жеңіл жолақыны пайдалана алатын  адамдар санаттарының тізімін кеңейту туралы бастаманы ұсынды. Депутаттар оның  оң  шешім екенін атап өтіп, бірауыздан қолдады.

Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру құқығы бұрыннан бар 9 санаттан өзге келесі 3 санатқа жататын қалалықтарға да берілетін болады, олар мыналар:

- басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған  көпбалалы аналар;

- он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды  жетектеп жүретін тұлғалар.


Бүгінгі күні Алматыда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды 161 адам ертіп (бұл санаттағы адамдар үшін 50% -дық жеңілдік қарастырылған) жүреді, «Алтын алқа» және «Күміс алқалармен» марапатталған 4663 көпбалалы ана (олар көлікте тегін жүреді) бар.