Алматыда COVID-19-ға қарсы вакцинаны істемейтін тоңазытқышта сақтаған
Primary tabs
Істемейтін тоңазытқышта COVID-19-ға қарсы бірінші дозаның 650, екінші дозаның 565 данасы табылған.
Оқиға Алматы қаласы № 27 емханада болған. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
«6 қыркүйекте таңертең тексеру кезінде вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштағы температура 0 ° C екені анықталды. Тексеру кезінде тоққа тығылған ұзартқыштың зақымдалғаны мәлім болды. Тоңазытқышта 650 доза бірінші компонент, екінші компоненттің 565 дозасы болған. Акт жасалды, вакциналардың барлық дозалары айналымнан шығарылды »,- деп хабарлады Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасында.
«Кінәлі адамдар жұмыстан шеттетілді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті күн сайын вакцинация пункттеріде вакцинаның дұрыс сақталуын тексереді», - деп атап өтті Алматы денсаулық орталығы.
@informburo31