Алматыда L әрпі бар сары нөмірлі көліктер жүр
Primary tabs
Көлікті тіркеу ережесінде мұндай әрпі бар серия туралы жазылмаған.
Kolesa.kz тілшісіне «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары түсіндіргендей, әріптік белгілер тізімі ҚР ІІМ бұйрығына сай кеңейтілді. Енді L литерасы бар нөмір шетелдік заңды тұлға иелік ететін, бірақ Қазақстан аумағында тіркелген көліктерге беріледі.
Бұрын ондай машиналарға Н және С сериялы мемлекеттік нөмір тағылатын, алайда Алматыда нөмірлер тізбесі таусылыпты (әр серияның саны 9999 тізбеден аспайды). Сондықтан L әрпі қолданыла бастады.