Алматы облыстық мәслихат депутаты Бекет Абишев қабылдау жүргізді
Primary tabs
«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде карантин талаптарын сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша Алматы облыстық мәслихат депутаты Бекет Абишев қабылдау жүргізді.
Қабылдауға келген Қаскелең қаласының тұрғыны баласын Алматы қаласында орналасқан ауруханаға қарату үшін қаражаты болмай жүргенін айтып, көмек сұрап келді. Сондай-ақ Әйтей ауылының тұрғыны пәтер жалдап тұратынын айтып, әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады. Көтерілген мәселелер оңтайлы шешімін тапты.