Алматы облысында аккумуляторды қолды еткен ұры ұсталды

Primary tabs

Mar 12, 2020 / 0 comments

Қылмыс объектісі "Жигули" автокөлігінің аккумуляторы болған. Қаратал ауданының тұрғыны полицияның кезекші бөліміне оның көлігінің аккумуляторын әлдебіреулердің қолды еткендері туралы хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен жедел топ Үштөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінің алдында тұрған "Жигули" автокөлігінен белгісіз біреулердің көліктен аккумуляторды шешіп, жымқырғандары белгілі болды. Бастапқы уақытта 25 жастағы көлік иесі полиция қызметкерлерін шақырмай өз күшімен мүлкін тауып алмақ болған . Жақын маңда оталып тұрған көлікті көріп, ол рөлде отырған ер адамнан оның автокөлігінен аккумуляторды кім ұрлағанын көрген-көрмегендігі жайында сұраған. Жүргізуші көрмегенін айтып, оған сыраның бос құтысын "сыйлаймын" деп ұсынған. Зардап шегушіге оның бұл қылығы өрескел көрінді, сөйтіп ол автокөлікті қарап шығуға шешім қабылдаған. Азамат көлікті көзбен шолып шықты, ашық капоттан өзінің аккумуляторын танып, оны қайтаруын талап еткен . Есесіне, өзгенің мүлкін ашық түрде ұрлаған азамат газға басып, ізін суытқан. Сол кезде ғана зардап шеккен азамат полицейлердің көмегіне жүгінген. Тәртіп сақшылары аз ғана уақыт ішінде ізін суытқан автокөліктің тұрған жерін анықтап, жүргізушіні ұстады. Оның Үштөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Қолды болған аккумулятор заңды иесіне қайтарылды.
Сонымен қатар, күдіктінің бұрын екі рет аккумулятор ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды . Ұсталған азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1 бөлігі бойынша жүргізіледі.