Алматы облысында вирус жұқтырғандар саны 100-ге жуықтады

Primary tabs

Apr 26, 2020 / 0 comments

26 сәуірде Алматы облысында коронавируспен ауырған  тағы 11 адам тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың 10-ы – Іле, біреуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны. 

Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған.  Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының сырқаты учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тексерілгеннен кейін анықталған. Ауырған - 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауландырылды, бірқатары үй карантиніне алынды, вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер қолға алынды.  

Бүгінгі күні Алматы облысында барлығы коронавирустың 97 жағдайы тіркелді.  

 

.