Алматы облысында полиция бастығының орынбасары отырған көлікке оқ атқан адам ұсталды
Primary tabs
Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атқан күдікті ұсталды. 34 жастағы ер адамды полицейлер 6 күннен кейін ғана қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2 шілде күні жедел-іздестіру жұмыстары барысында көлікке оқ атқан 34 жастағы Ж есімді күдікті ұсталды. Қазір оның көлігі айып тұрағына қойылып, өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпараттар заңға сәйкес тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды" ,- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары отырған көлікке оқ атылды. Оқиға Алматы-Талдықорған жолындағы Арқарлы асуының маңында болған.