Алматы облысында қыз зорлаған екі ер адамға сот үкімі шықты

Primary tabs

Apr 06, 2021 / 0 comments

Бүгін Алматы облысы Қаратал аудандық сотында қыз зорлаған екі ер адамға сот үкімі оқылды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың анықтауынша, сотталушылар 2020 жылдың 5 қазанында мас күйінде өздерінің сексуалдық құмарлықтарын қанағаттандыру үшін алдын-ала сөз байласқан.
Олар жәбірленушінің үйіне кіріп, оның дәрменсіз халін пайдаланып, зорлық көрсеткен. Сонымен бірге, ер адамдардың бірі сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін де жасаған.
Сот барысында айыпталушылар кінәсін мойындамай, жыныстық қатынастың ерікті түрде болғанын айтқан. Олар қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байлаысты өздерін ақтап алуды сұраған.
Мемлекеттік айыптаушы олардың біріне 10 жыл, екіншісіне 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған. Сондай-ақ жәбірленуші де прокурормен толық келіскен.

Сот іс бойынша жиналған айғақтарды, сараптама қорытындысын, әйел мен куәгерлердің куәлігін, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерген.