Алматы облысында өгей әкесін өлтірмек болған жігіт ұсталды

Primary tabs

Jul 23, 2020 / 0 comments

Алматы облысында полицейлер өгей әкесін өлтірмек болған адамды ұстады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өгей әке мен бала бірге ішімдік ішіп, жанжалдасып қалған. 29 жастағы жігіт өгей әкесін пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл қылмыстық әрекет 21 шілдеге қараған түні Талғар ауданының Гүлдала ауылында болған. Полицияға көршілер хабарласқан», - деп жазылған хабарламада.

Полиция жігітті ұстады. Ал оның өгей әкесі, 54 жастағы К. есімді азамат пышақ жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.